2015 жылдың 21 мамырында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды облысының стажер алаңдарында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру механизмдері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар қатысушылары:стажер алаңдарына инклюзивті білім беру бойынша жетекшілік ететін мектеп директорлары мен әдіскерлер.
Семинар мақсаты:
- Қарағанды облысында инклюзивті білі беруді дамыту үшін жалпы білім беретін мектептердің желілік өзара әрекеттестігін үйлестіру;
- стажер алаңдарымен инклюзивті білім беруді жүзеге асыру әрекеттерінің алдағы жоспарын белгілеу және талқылау.
Семинар барысында келесі маңызды сұрақтар қарастырылды:
- стажер алаңдарының өзара әрекеттестіктерінің механизмін анықтау;
- стажер алаңдарында инклюзивті білім беру бойынша алдағы іс-әрекет жоспарын анықтау;
- облыстың жалпы білім беру мектептеріне инклюзивті білім беру бойынша енгізілген жүйені жетілдіру.