Қарағандыда облысымыздың мектептері арасында үшөлшемді компьютерлік моделдеу бойынша облыстық байқау өтті
29-02-2020 08:54
Қарағандыда облысымыздың мектептері арасында үшөлшемді компьютерлік моделдеу бойынша облыстық байқау өтті

2020 жылдың ақпан айының 10-29 аралығында «Болашақ инженерлер» облыстық жобасын іске асыру аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының мектептері үшін үшөлшемді компьютерлік моделдеу байқауын ұйымдастырды.

Байқау сырттай және күндізгі кезеңнен, келесі номинациялар бойынша өтті:

- «Модельдеу»;

- «Автомодельдеу».

Байқаудың сырттай кезеңінде облысымыздың 103 мектебінен 5-11 сынып оқушыларының 80-нен астам жұмыстары қарастырылды.

Құзыретті әділқазылар алқасымен ең жақсы 40 жұмыс таңдалып алынып, олардың авторларыбайқаудың күндізгі кезеңінде үшөлшемді компьютерлік модельдеу саласында өз шеберліктерін көрсетті.

Байқаудың күндізгі кезеңі 2020 жылдың ақпан айының 29-ы күні Қарағанды қаласының Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасында ұйымдастырылды.

«Модельдеу»номинациясы бойынша қатысушыларға күрделілігіне қарай үш түрлі тапсырма ұсынылып, критерийлеріне сәйкес қосымша ұпайлар берілді.

«Автомодельдеу»номинациясында жарыс санаты екі негізгі кезеңнен тұрды:

-  «Армандағы автокөлік»корпусының модельдендірілген және басып шығарылған жобасын қорғау;

-  Алдын-ала  жобаланған корпусты шассимен біріктіру және жарыс өткізу.

«Автомодельдеу»номинациясында қойылған талаптарға сәйкес корпустың габариттік өлшемдеріне, корпус өлшемдерінің шасси өлшемдеріне сәйкес келуі, сондай-ақ берілген қашықтықты ең аз уақытта жүруі бағаланды.

Күндізгі кезеңнің қорытындысы бойынша «Модельдеу»номинациясында жеңімпаздар атанды:

І орын – Бейсекей Абир, Балқаш қ. №15 мектеп-лицей оқушысы;

ІІ орын – Мусиенко Егор, Қарағанды қ. №66 мектеп-лицей оқушысы;

ІІІ орын – Ибраймов Адильжан, Балқаш қ. №15 мектеп-лицей оқушысы;

Астахов Никита, Қарағанды қ. №103 мектеп-лицей оқушысы.

 

«Автомодельдеу»номинациясы бойынша жеңімпаздар атанды:

І орын – Амандық Мәди, Шет ауданы Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицей оқышысы;

ІІ орын – Сагалбаева Нурай, Қарағанды қ. №103 мектеп-лицей оқушысы;

ІІІ орын –Мацкевич Никита, Жезқазған қ. №26 гимназия оқушысы;

Муканов Жігер, Н.Нұрмақов атындағы ММИ оқушысы.

Барлық қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.