«Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат» тақырыбындағы студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы
28-02-2020 14:28
«Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат»  тақырыбындағы студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2020 жылдың 28 ақпанында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық - техникалық колледжінде кітапханашылардың ОӘБ жұмысы аясында «Абай мұрасы-ұрпаққа ұлағат» тақырыбында студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Қарағанды облысының Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының өкілдері, облыс колледждерінің 24 студенті және оқытушылары қатысты. Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 1. Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абай рөлі. А.Құнанбаевтың педагогикалық және гуманистік көзқарастары; 2. Абай Құнанбаевтың поэтикалық және музыкалық мұрасы; 3. Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы адамзаттың рухани құндылықтары. Байқау соңында жеңімпаздар анықталды: Бірінші номинация бойынша: 1 орын – Төлеуова Үмітжан, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖМ студенті; 2 орын – Асемханұлы Темірлан, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ студенті; 3 орын – Оразымбетова Гульнур Мухан қызы, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ студенті. Екінші номинация бойынша: 1 орын – Көпбаев Бақдаулет Нұрболұлы, «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенті; 2 орын – Исабаева Асель Абаевна, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК студенті; 3 орын – Вишневская Виктория Дмитриевна, «Саран техникалық колледжі» КММ студенті. Үшінші номинация бойынша: 1 орын – Ермек Фариза, «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті; 2 орын – Серікбол Хурметбек, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті; 3 орын – Әлшер Динара Еркебұланқызы, «Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ студенті. Жеңімпаздар дипломдармен, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.