2020 жылдың 3 сәуір күні «Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру: 4К моделін енгізу – баланы мектепте оқытуға дайындау үшін инженерлік ойлау мүмкіндігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту» мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің VIIІ облыстық ғылыми
03-04-2020 12:55

Ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының білім басқармасы, Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды қаласындағы филиалы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.

Ғылыми-практикалық конференция қатысушылары: Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, педагог-психологтері, мұғалім-логопедтері, мұғалім-дефектологтері, әдіскерлері, балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиешілері.

Ғылыми-практикалық конференция 4 бағыт бойынша өткізіледі:«Инженерлік ойлау», «4К моделі», «Мектепке дейінгі білім берудің жаңа технологиялары: Lesson Study», «Ерекше білім беру қажеттілігі». Конференция Ережесіне сәйкес материалдар жинағы шығарылады, биыл ұйымдастыру комитетімен 220 мақала қаралып, оның 195-і баспаға жариялануға дайындалды.