«Кім миллионер болғысы келеді?» зияткерлік ойыны
05-03-2020 12:52
«Кім миллионер болғысы келеді?» зияткерлік ойыны

2020 жылдың 5 наурызында «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі»  КММ базасында  Қарағанды облысының колледждерінің студенттері арасында математика және физика оқытушыларының ОӘБ аясында «Кім миллионер болғысы келеді?» зияткерлік ойыны өтті.  Барлығы облыстың 20 колледжінен 40 студент қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Әр аудиторияда колледжден бір  қатысушыдан болды. Бірінші кезеңде ең жоғары ұпай жинаған 11 команда екінші кезеңде «Кім миллионер болғысы келеді ?» ойынын ойнады. Ойында ең көп ұпай жинаған үш команда жеңімпаз атанды және 1, 2 және 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

1 орын: Өскенов Сұлтан, Карагизов Аян («Егіндібұлақ агротехникалық колледжі» КММ, жетекшісі - Ақшабакова К. А.);

2 орын: Қайрбекова Күмісай, Болатбек Әйгерім («Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі» ЖМ, жетекшісі - Рахимберлина А. С.);

3 орын: Сафонов Сергей, Югай Владислав («Қарағанды тау-индустриялық колледжі» КММ, жетекшісі - Алибекова А. Т. ). Қалған командаларға сертификаттар табысталды.