«Білімал. Электронды мектеп» АБЖ бойынша онлайн семинар.
04-03-2020 15:26
«Білімал. Электронды мектеп» АБЖ бойынша онлайн семинар.

2020 жылдың наурыз айының 4-і күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ бойынша онлайн семинар өткізілді.

Семинарға:

  • ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Аринов Есбол Рымбекович;
  • ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Копбаева Гульмира Сабитовна;
  •   ҚО ББД ОӘО әдіскері Цай Елена Владимировна;
  • «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ жобасының менеджері Куанышбекова Еркежан Кайратовна;
  • «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ жобасының үйлестірушісі Елеусизова Асель Абаевна қатысты.

Семинарда «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ жобасы бойынша  назар аудару қажеттілігі бар келесі маңызды мәселелер талқыланды:

1. Пайдаланушылардың жиі туындайтын сұрақтары мен қателері;

2. ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығындағы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ өзгерістері;

3. «Өрлеу» ИТО оқу жылының басында факультативтік журналды қалыптастырудың негізгі элементтері, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлармен және пайдаланушылардың деректер қорымен жұмыс істеу процесін оңтайландыру үшін «қайта тағайындау» бөлімі бойынша жүргізген жоспарлы өзгерістер туралы.

Сонымен қатар, қолданушылар чатта қойылған сұрақтарына жауаптар алды.