Педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындау бойынша оқыту семинарлары
30-03-2020 15:01
Педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындау бойынша оқыту семинарлары

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 26 наурызы мен 2 сәуірі аралығында онлайн режимде педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындау бойынша оқыту семинарларын өткізеді. Вебинарлар 2020 жылы аттестаттаудан өтетін мұғалімдерге арналған (педагог-зерттеуші, педагог-шебер, мамандандырылған мектеп-интернаттардың педагог-сарапшысы).

Вебинарлар жұмысына тек мұғалімдер ғана емес, сонымен қатар педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер да белсенді түрде қосылады.

Оқыту бағдарламасына аттестаттау ережелері, портфолионы ресімдеу мәселелері кіреді; педагогика және оқыту әдістемесі бойынша қосымша сабақтар жүргізіледі.

Вебинарлар жұмысына 300-ден астам педагог қатысты, ал барлығы 900 адамды оқыту жоспарлануда. Педагогтер мектеп және үй компьютерлерінен, ұялы телефондардан жұмысқа қосылады.

Қатысушылар туындаған барлық сұрақтарға екі тілде жауап ала алады.

Сонымен қатар «U-Future» ЖШС-мен ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін онлайн режимінде осы санаттағы аттестаттаудан өтетін педагогтерге ustudy.kz платформасында біліктілік тестілеуінің байқау сынағынақысыз өткізу туралы келісім жасалды.