Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ онлайн-отырысы
15-04-2020 15:06
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ онлайн-отырысы

2020 жылдың 14 сәуірінде Zoom бағдарламасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн- отырысы өтті.

Отырысқа 49 орынбасарлар қатысты.

Өткізу тәртібіне сәйкес Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының ТжКБ әдіскері М. С. Толекова мен ОӘБ жетекшісі А. Б. Шомбина келесі сұрақтарды талқылауға ұсынды: ОӘБ-ның одан арғы жұмысын қашықтықтан оқыту түрінде өткізуді; видеоконтенттер мен презентациялар базасын жасау; 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, ОӘБ басшысы А. Б. Шомбина отырыстың қорытындысын шығарды.