Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында 2014 жылдың 30 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында педагогикалық іс-әрекет технологияларын жаңа мазмұнды
16-10-2014 03:04
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында 2014 жылдың 30 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында педагогикалық іс-әрекет технологияларын жаңа мазмұнды

 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында 2014 жылдың 30 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбындапедагогикалық іс-әрекет технологияларын жаңа мазмұнды тәсілдермен үйрету үшін семинар өтті. Семинарға Карағанды, Сәтбаев, Приозерск, Темиртау, Қаражал қалаларынан және Ұлытау, Жанаарқа аудандарынан ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.Функционалдық сауаттылықты түсіну жөнінде сауалнама жүргізіліп, келесі сұрақтар қарастырылды:

1.     Функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары.

2.     Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар.

3.     Функционалдық сауаттылыққа байланысты тапсырмалардың шешу жолдарын талқылау.

4.     PISAхалықаралық зерттеуіне дайындық,

5.     Тренинг: функционалдық сауаттылық тапсырмаларын құрастыру және шешу.

Семинар соңында келесі ұсыныстар берілді:

1.     Ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілеріне  «Функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында семинарлар өткізу;

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылсын.