Worldskills Karaganda-2020 аймақтық чемпионатының сарапшы-коматриоттарының онлайн-отырысы
15-04-2020 08:54
Worldskills Karaganda-2020 аймақтық чемпионатының сарапшы-коматриоттарының онлайн-отырысы

2020 жылдың 15 сәуірінде Zoom бағдарламасыарқылы WorldSkills Karaganda 2020аймақтық чемпионатының келесі 5 құзыретібойынша сарапшы-коматриоттардыңонлайн-отырыстарыөтті:

1. Визуалды мерчандайзинг және витринистика;

2. Мектепке дейінгі тәрбие;

3. Бастауыш білім беру;

4. Прототиптеу;

5. Кірпіш қалау.

Осы отырыстарға облыс колледждерінің 34 сарапшы-коматриоттарықатысты.

Онлайн – отырыстардың күн тәртібіне сәйкес өңірлік чемпионатты өткізу ережелері, конкурстық тапсырмаларды және проблемалық мәселелерді қарау, сондай-ақ басқа да ұйымдастыру мәселелері талқыланды.