«Байланыс, телекоммуникация және IT» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің online отырысы
16-04-2020 12:44
«Байланыс, телекоммуникация және IT» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің online отырысы

2020 жылдың 16 сәуірінде  «Байланыс, телекоммуникация және IT» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің online отырысы өтті.

Барлығы 15 оқытушы қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:

1. ОӘБ жұмысын қашықтықтан оқыту түрінде талқылау;

2. ҚО ББ ОӘО сайтында «Байланыс, телекоммуникация және IT» бағыты бойынша бейнесабақтар мен презентациялардың электронды базасын құру;

Сонымен қатар қашықтықтан оқыту кезінде online оқыту тәжірибесі ұсынылды:

1. Мадиева К. Қ., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»КМҚК әдіскері, «Бірлескен жұмыстар қызметі».

2. Абдрахманова С. В., «Қарағанды кәсіптік - техникалық колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы, «Sdot.kz  платформасындағы ТЖ жағдайында қашықтықтан білім берудің жұмыс аспектілері».

3. Сыздыкова З. А., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде Moodle платформасында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру».