Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы
16-04-2020 12:58
Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы

2020 жылдың 16 сәуірінде сағат 10-да онлайн режимде орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыру отырысы өтті.

Онлайн отырысқа облыс колледждерінің 46 оқытушысы қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

1.  Қашықтықтан онлайн режимде ОӘБ жұмысын одан әрі ұйымдастыруды талқылау. Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде өтетін шеберлік-сыныпты және ашық сабақтарды келесі оқу жылының басына ауыстыру;

2.  Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сайтында орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының ОӘБ бөлінісінде бейнетаспалар мен материалдардың бірыңғай каталогын құру бойынша ақпарат және мәселелерді талқылау;

3.  Келесі оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын жасау;

4.  Әртүрлі ұйымдастыру сұрақтары. Сұрақ-жауаптар.

Отырыс соңында ОӘБ басшысы Е.В.Легкоконец бейнероликтер мен презентацияларды жасауға жалпы талаптарды әзірлеуді ұсынды, олар алдағы күндері ОӘБ барлық оқытушыларына жіберілетінін айтып, барлық қатысушылардан осы жалпы талаптарға сәйкес  материалдарды әзірлеп, жөнелтуді сұрады.