«Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-кеңесі
2020 жылдың 17 сәуірінде онлайн форматта Қарағанды облысының колледждерінің «Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша оқытушыларының кеңесі өтті. Іс-шараға 13 оқытушы қатысты.
Отырыс барысында облыстық әдістемелік бірлестіктің одан әрі жұмысы, оқытушылардың видеоконтенттер банкін құру мәселелері және келесі өткізілетін отырыстың бағдарламасы талқыланды.