Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы
17-04-2020 10:37
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы

2020 жылдың 17 сәуірінде Zoom қосымшасы арқылы облыс колледждерінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті. Отырысқа 32 оқытушы қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қарастырылды: қашықтықтан өтетін ОӘБ жұмыстарын жүргізу; видеоконтенттер мен презентациялар базасын құру; 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары; Қарағанды «Bolashaq»  жоғары колледжінде өтетін Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған олимпиаданы келесі оқу жылына ауыстыру.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ жетекшісі Т.Т. Бузаева отырыстың қорытындысын шығарды.