Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы
2020 жылдың 17 сәуірінде Zoom қосымшасы арқылы облыс колледждерінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті. Отырысқа 32 оқытушы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қарастырылды: қашықтықтан өтетін ОӘБ жұмыстарын жүргізу; видеоконтенттер мен презентациялар базасын құру; 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары; Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінде өтетін Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған олимпиаданы келесі оқу жылына ауыстыру.
Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ жетекшісі Т.Т. Бузаева отырыстың қорытындысын шығарды.





umc-ro@umckrg.gov.kz



