Кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы
17-04-2020 09:39
Кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн-отырысы

2020 жылдың 17 сәуірінде Zoom қосымшасы арқылы облыс колледждері кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті. Отырысқа 43 кітапханашы қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды: қашықтықтан өтетін ОӘБ жұмыстарын жүргізу; видеоконтенттер мен презентациялар базасын құру; 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары; Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде өтетін «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын іске асыруға арналған «Үздік кітап көрмесі» бейне байқауының келесі оқу жылына ауытырылуы.

Сонымен қатар келесі кітапхана меңгерушілері құжаттарды жүргізу жұмыстарын көрсетті:

1. С.С.Шоменбаева, "Қарағанды жоғары политехникалық колледжі" КМҚК, тақырыбы «Кітапхана қоры»;

2. Л.А. Ильина, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, тақырыбы «Істер номенклатурасы».

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды және ОӘБ жетекшісі А.Ж. Сүлейменова отырыстың қорытындысын жасады.