«Жалпы білім беретін мектеп жағдайында инклюзивті білім беру үдерісін ұйымдастыру» онлайн - семинары
22-04-2020 11:56
«Жалпы білім беретін мектеп жағдайында инклюзивті білім беру үдерісін ұйымдастыру» онлайн - семинары

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы 2020 жылдың 22 сәуірінде «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында инклюзивті білім беру үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында онлайн - семинар өткізді.

Семинар барысында инклюзивті білім беру жағдайында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі (Осакаров ауданы «Пионерское селосының №3 ОМ» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Супрунова И. Н.) және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен ата - аналарға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету (Балқаш қ. «№1 ЖББОМ» КММ директорының инклюзивті білім беру бойынша орынбасары Шафикова К. В.) ұсынылды.