«Әдеби-отбасылық қонақжай» жобасы
28-04-2020 10:57
«Әдеби-отбасылық қонақжай» жобасы

2020 жылдың 28 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Әдеби-отбасылық қонақжай» жобасын жүзеге асыру туралы» онлайн семинар өткізді.

Семинарда Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейі, Теміртау қаласының №9 мектеп-лицейі және №27 орта мектебі, Абай қаласының №12 тірек мектебі (ресурстық орталығы), Сәтбаев қаласының №25 орта мектебінің әдеби-отбасылық қонақжайлары аталмыш жобаның жүзеге асырылу барысымен бөлісті.

Семинар қатысушыларына Қарағанды қаласының №82 және №46 орта мектептері, «№33 балабақша-мектеп» мектеп-кешені және А.Байтұрсынов атындағы №41 мектеп-гимназиясы қонақжайларының жұмыстарының үзінділері көрсетілді.

Онлайн семинарға 62 адам қосылды.