№2 «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары
29-04-2020 13:15
№2 «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары

2020 жылдың 29 сәуірінде SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары өтті.

Барлығы 107 қатысушы қосылды.

Бекітілген кестеге сәйкес «Абай көпсалалы колледжі» КМҚКжәне «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚКмамандық туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің колледждерін онлайн форматта көрсетті.

Вебинар қатысушыларымен SABAK.KZ платформасының чаты арқылы кері байланыс жүргізілді. Вебинар кезінде баяндаманың презентациясы жүктеу үшін қол жетімді болды.