WorldSkills Karaganda 2020 Құзыреттілік орталықтарының өкілдері мен бас сарапшыларының онлайн отырысы
24-04-2020 14:14
WorldSkills Karaganda 2020 Құзыреттілік орталықтарының өкілдері мен бас сарапшыларының онлайн отырысы

2020 жылдың 24 сәуірінде WorldSkills Karaganda 2020 Құзыреттілік орталықтарының өкілдері мен бас сарапшыларының онлайн отырысы өтті. Отырысқа Қарағанды облысының Білім басқармасы мен Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, Қарағанды облысынан техникалық делегат, Құзыреттілік орталықтарының өкілдері мен бас сарапшылары қатысты. Онлайн отырысқа барлығы 60 қатысушы қосылды.

Отырысты Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Асакаева Дана Саламатовна ашты.

Әріқарай, бірінші сұрақ бойынша ҚО ББД ОӘО техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі Кнашина Айнур Ахатовна сөз сөйледі, ол WorldSkills Karaganda 2020 аймақтық чемпионатын ұйымдастыру және өткізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес, Қарағанды облысынан техникалық делегат, Қарағанды техника-құрылыс колледжінің директоры Балабекова Светлана Керимбаевна 20 сәуірде өткен WorldSkills Kazakhstan Бас ассамблеясының отырысы туралы ақпарат берді.

Барлық баяндамалардан кейін отырыстың қорытынды кезеңінде  WorldSkills Karaganda 2020 аймақтық чемпионатына дайындық және ұйымдастыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.