Жаңалық әлемі – 2015. Жас турист. Жас ізденуші
01-06-2015 07:22
Жаңалық әлемі – 2015. Жас турист. Жас ізденуші

2015 жылдың 29 мамырында Н.Нұрмақов атындағы мектеп базасында «Жаңалық әлемі – 2015. Жас турист. Жас ізденуші» атты жас өлкетанушы-зерттеушілердің облыстық форумы өтті.

Форум ұйымдастырушылары Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.

Іс-шараға Қарағанды облысының 13 қаласы мен аудандарының басшылары мен жас өлкетанушы-зерттеушілері, аудындық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары қатысты.

Форумның мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған өлкенің тарихын зерделеуге және насихаттауға тарту, өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, өлкетану саласындағы мәселелі аймақтарды анықтау. Форум Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткізілді.

Форумның екінші бөлімінде қатысушыларға Долинка кентіндегі ҚарЛАГ саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсиялық сапар ұйымдастырылды.

фӨлкетану бойынша ең үздік жоба конкурсының жеңімпаздары болып, төмендегі командалар анықталды:

 

1-орынБұқар жырау ауданы Үміткер орта мектебінің командасы. Жетекшілері Садиков Саят Ибрагимұлы, Абдрахманов Қуаныш Жабағыұлы;

2-орын Жезқазған қаласы №21 орта мектебінің командасы,жетекшісі Ершуманова Гүлмира Болатқызы;

3-орынНұра ауданы Щербаков орта мектебінің командасы, жетекшісі Ахметова Г.

 

«Ең үздік фотокөрме» номинациясы бойынша Саран қаласы №17 ОМ командасы жеңімпаз атанды, жетекшісі Максименко Никита Валерьевич;

 

«Ең үздік газет»  номинациясы бойынша Сатпаев қаласы №1 мектеп-гимназиясының командасы жеңімпаз атанды, жетекшісі Кенжегозина Света Балғабайқызы;

 

 «Ең үздің шығармашылық нөмір» Қарағанды қаласы №68 орта мектебінің командасы жеңімпаз атанды, жетекшісі Махметова Кулшат Қайратқызы.