№8 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары
13-05-2020 13:26
№8  «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары

2020 жылдың 13 мамырында SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары өтті.

Барлығы 95 қатысушы қосылды.

Бекітілген кестеге сәйкес «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ және «ҚР Халық қаһарманы»  Ракымжан Қошқарбаев атындағы  Балхаш техникалық колледжі мамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып, өздерінің колледждерін онлайн форматта көрсетті.

Ынтымақтастық барлық тараптарға өзара «пайда» әкелуі және нақты, іске асырылатын мақсаты болуы тиіс. Бұл бағытта білім беру мекемесінің мақсаты білім алушыларда заманауи өндірістің құрылымы, әр түрлі салалардағы кәсіпқойлар еңбегінің мазмұны туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады.