Тарих және география мұғалімдерінің жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды кеңес
14-05-2020 11:27
Тарих және география мұғалімдерінің жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды кеңес

2020 жылдың 14 мамырында «2019-2020 оқу жылындағы мамандандырылған мектеп-интернаттардың география және тарих мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің және педагогтар қауымдастығы жұмысының қорытындысы» тақырыбында онлайн-кеңес өткізілді.

Кеңесте Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік әдіскері Тулепбекова Светлана Карагуловна; облыстық география мұғалімдері қауымдастығының төрайымы Красникова Ирина Владимировна; облыстық тарих мұғалімдері қауымдастығының төрағасы Балтабаев Кулжанбай Байдельдинович сөз сөйледі.

География және тарих пәнінің 70 мұғалімі қамтылды.