Кітапханашылар облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн-отырысы
18-05-2020 08:13
Кітапханашылар облыстық әдістемелік бірлестігінің  қорытынды онлайн-отырысы

2020 жылғы 18 мамырында Zoom қосымшасы арқылы облыс колледждері кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн - отырысы өтті.

Отырысқа 25 кітапханашы қосылды.

Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды: қашықтықтан жүргізілетін ОӘБ жұмысын талқылау; 2019-2020 жылдарға арналған ОӘБ жұмысының есебі; 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары; Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыруға арналған «Үздік кітап көрмесі» бейне байқауының келесі оқу жылына ауыстырылуы.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды және ОӘБ жетекшісі А.Ж. Сүлейменова отырыстың қорытындысын жасады.