№17 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары
27-05-2020 15:21
№17  «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн-вебинары

2020 жылдың 27 мамырында SABAK.KZ платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн вебинары өтті.

Өз оқу орындарын онлайн форматта «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК, «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ және «Қаражал тау-кен техникалық колледжі» КММ мамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып көрсетті.

YouTube арнасында тыңдаушылар үшін тікелей эфир көрсетілді, онда чатта вебинардың барлық қатысушыларымен кері байланыс жасалды. Вебинардың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша көруге болады https://youtu.be/caoucaJaiBQ.