2020 жылдың 29 мамырында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауының күндізгі кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: оқыту барысындағы жаңашыл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын дәріптеу, білім беру ұйымдары мұғалімдерінің және оқушыларының құзыреттілігін, АКТ-ның дағдыларын игеру және дамыту, сонымен қатар оқушылардың туған жерімен тереңірек танысу.
Байқау 3 кезеңнен тұрды: сырттай, қашықтық және күндізгі.
Облыс бойынша байқауға қатысуға 71 топ ниет білдірді. Сырттай кезеңге 55 топ қатысты. Олардың ішінен әділ-қазылар алқасы үздік 14 жұмысты таңдап алды, олардың авторлары күндізгі кезеңде көріністі өңдеу және панорама жасау саласында өз шеберліктерін көрсетті.
Қатысушылар жұмыс барысында өз өлкелерінің көрікті жерлерін, сәулет орындарын, туған өлкенің флорасы мен фаунасы туралы ақпаратты kartakrg.kz сайтына орналастырылды.
Күндізгі кезеңнің нәтижелері бойынша жеңімпаздар:
І орын – Шет ауданы Ақжал негізгі орта мектебінің «Smart Akzhal» тобы;
II орын – Ақпараттық жүйелер ММЛИ «Natus Vincere» тобы; Н.Нұрмақов атындағы ММИ «Nurmakov» тобы;
Жүлделі орындардан басқа әділ-қазылар алқасы қосымша номинациялар беруді жөн көрді.
«Үздік техникалық демонстрация» номинациясы бойынша Балқаш қаласының А.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің «Project Team» тобы, «Өлкенің үздік көрінісі» номинациясы бойынша «Мұрагер» ММИ «Жерұйық» тобы марапатталды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.