Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының информатика пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн отырысы
29-05-2020 09:49
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының информатика пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн отырысы

2020 жылдың  29 мамырында SABAK.KZ платформасы арқылы ТжКББ ұйымдарының информатика пәні оқытушыларының ОӘБ қорытынды онлайн отырысы өтті. Отырысқа облыс колледждерінің 48 оқытушысы қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:

1. 2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығару , ҚО ББД ОӘО ТжКББ бөлімінің әдіскері - А.Т. Альханова;

2. IT дағдылары бойынша оқытушылар мен шеберлерді дайындау үшін Itsauat.kz  сайтының іске қосылуы,  «Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі» КММ,  А. К. Қонарбай.  Сайттың көмегімен барлық жалпы білім беретін пәндер, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері браузерді қарапайым пайдаланудан бастап түрлі бағдарламалар мен платформаларды кәсіби пайдалануға дейін үйрене алады;

3. ҚР нормативтік-құқықтық құжаттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;

4. ОӘБ-ның 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарының жобасын талқылау.

Колледж өкілдері онлайн-отырыс жұмысына белсенді қатысты. Платформа чатында кері байланыс жүргізілді.