№19 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн вебинары
29-05-2020 09:58
№19 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн вебинары

2020 жылдың  29 мамырында SABAK.KZ  платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн вебинары өтті.

Өз оқу орынын  онлайн форматта О.А. Байконуров атындағы Жезқазған университеті және «Жезқазған қаласының  жоғары медициналық колледжі»КМҚКмамандықтары туралы бейнероликтерді, оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары үшін ақпарат берілген электрондық буклеттерді пайдалана отырып көрсетті.

YouTube арнасында тыңдаушылар үшін тікелей эфир көрсетілді, онда чатта вебинардың барлық қатысушыларымен кері байланыс жасалды. Вебинардың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша көруге болады https://youtu.be/t5yDlUAVKM4.