«Менің отбасымның достарға арнаған музыкасы» атты қашықтықтан өткізілген шығармашылық байқау-челленджі
01-06-2020 09:24
«Менің отбасымның достарға арнаған музыкасы» атты қашықтықтан өткізілген шығармашылық байқау-челленджі

2020 жылдың 18 мен 31 мамыр аралығында педагогтарға, қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары мен олардың отбасыларына арналған «Менің отбасымның достарға арнаған музыкасы» атты қашықтық шығармашылық - челлендж байқауы өтті.

Байқауға Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Сәтбаев қалаларынан, Абай және Нұра аудандарынан қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушылары өз отбасы мүшелерімен қатысты.

Қазылар алқасының қарауына 8 номинация бойынша 86 байқау жұмыстары түсті: «Музыка», «Бейнелеу өнері», «Хореография», «Мұғалім – оқушы», «Педагог және отбасы», «Менің дарынды отбасым», «Арт – коллаборация», «Жоба».

Құрметті байқауға қатысушылар, жеңімпаздар дипломдарын «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік     орталығы» КМҚК,  № 422 кабинетінен  2020 жылдың 8 маусымынан бастап алуға болады.