«Теміржол көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн отырысы
02-06-2020 09:33
«Теміржол көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн отырысы

2020 жылдың 2 маусымында SABAK.KZ платформасы арқылы ТжКББ ұйымдарының  «Теміржол көлігі» бағыты бойынша ОӘБ қорытынды онлайн отырысы өтті. Отырысқа облыс колледждерінің 28 оқытушысы қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:

1.2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығару , ҚО ББД ОӘО ТжКББ бөлімінің әдіскері - А.Т. Альханова;

2.«Теміржол көлігі» бағыты бойынша оқытушылардың ОӘБ жұмысы аясында «Үздік әдістемелік әзірлеме» облыстық байқауының қорытындысы, ОӘБ жетекшісі Н.Н.Оськина;

3.ҚР нормативтік-құқықтық құжаттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;

4.ОӘБ-ның 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарының жобасын талқылау.

Колледж өкілдері онлайн отырыстың жұмысына белсенді қатысты. Платформа чатында кері байланыс жүргізілді.