№21 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн вебинары
02-06-2020 09:37
№21 «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн вебинары

2020 жылдың  2 маусымында SABAK.KZ  платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» онлайн вебинары өтті.

Әркімге өмірде мамандық таңдау керек болады. Әр адам болашақта кім болуды, немен айналысуды ойлайды, өйткені мамандық таңдау-бұл кез келген адамның өміріндегі өте жауапты және күрделі қадам.

Қазіргі кезде жастар алдында мектепті бітіргеннен кейін сапалы кәсіби білім алу мәселесі туындайды. Кәсіптік білім беру мекемесін таңдай отырып, мектеп бітірушілерге оқу орнының барлық артықшылықтарын көру маңызды. Осы мақсатта «Кәсіби бағдар сағаты» вебинарында «Фемида» заң колледжі және Қарағанды медициналық интерколледж өз колледждерін онлайн форматта көрсетті.

YouTube арнасында тыңдаушылар үшін тікелей эфир көрсетілді, онда чатта арқылы кері байланыс жүргізілді. Вебинардың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша көруге болады https://youtu.be/fNXMZVv72Ws.