Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында республикалық пилоттық жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша кеңес
02-06-2020 13:24
Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында республикалық пилоттық жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша кеңес

2020 жылдың 2 маусым күні Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Н. Нүкеновтың қатысуымен онлайн кеңес өтті.

Кеңесте Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында «SANA skills», «Моя Экошкола Жизни», «Білім берудегі медиация» республикалық пилоттық жобаларын жүзеге асыру қорытындылары қаралды.

Кеңес форматы: ZOOM конференциясы оқу-әдістемелік орталықтың YouTube каналында трансляция жасалды.

Кеңеске қатысушылар: Нұр-Сұлтан, Петропавл, Семей қалаларының педагогикалық қоғамдастығы; аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтері.

Кеңесте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық білімді ілгерілету бойынша сарапшысы Немцан Татьяна Николаевна; «SANA» ғылыми-практикалық психология орталығының негізін қалаушы, директор Абдрахманова Алтынай Адлетовна (Нұр-Сұлтан қ.); «AQJAN» медиация және білім орталығының директоры, медиация бойынша сертификатталған тренер, кәсіби медиатор Тусупбекова Бакыт Сериковна (Нұр-Сұлтан қ.) сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысы бойынша Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А. Н. Нүкенов жобаларды одан әрі іске асыру бойынша тапсырмалар берді.