Колледж педагог-психологтарының әдістемелік бірлестігінің отырысы
2020 жылдың 11 маусымында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды онлайн-отырысы өтті. Іс-шарада «Эмоционалдық күюдің алдын алу» және «Кәсіби деформациясы бар мамандарға психологиялық көмек» сияқты өзекті тақырыптарда сөз сөйлеулер тыңдалды. Сонымен қатар оқу жылының қорытындысы шығарылып, ОӘБ жұмысының алдағы жылдағы бағыттары анықталды. Отырысқа облыс колледждерінің 25 педагог-психологтары қатысты.