Қарағанды облысының ТжКБ ұйымдарының оқытушылары арасында «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауы
12-06-2020 16:35
Қарағанды облысының ТжКБ ұйымдарының оқытушылары арасында «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауы

2020 жылдың 10 мамыры мен 12 маусымы аралығында Қарағанды облысының ТжКБ ұйымдарының оқытушылары арасында қашықтықтан «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауы өтті. Байқау колледж қызметінде кәсіби бағдар беру жұмысының заманауи түрлерін қолдану бойынша бастамаларды қолдауға бағытталған. Барлығы облыс колледждерінің 18 өкілі қатысты.

Байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша қабылданды:

1. Кәсіптік бағдар беру іс-шараларының әдістемелік әзірлемесі

2. Жұмыс тәжірибесі туралы Флэш-ролик (ұзақтығы-10 минуттан артық емес)

3. Қатысушының кәсіби бағдар беру саласындағы жетістіктері

4. Колледжде кәсіптік бағдар беру жұмысы жүзеге асырылатын бағдарлама

5. Кәсіби бағдар бойынша жұмыстарды жариялау (журналдарда, газеттерде, телеарналарда сұхбат сілтемесі)

Талқылау нәтижесінде қазылар алқасы жүлделі орындарды бөлу туралы келесі шешім шығарды:

1 орын - Ибраева Рымкуль Камиловна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын - Байгошкаров Ғалымжан Муратович, қосымша білім беру оқытушысы, «Жігер» ЖҚБ координаторы;

2 орын - Кызылбаев Ерлан Курманбекович, кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кеңес мүшесі, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы»;

3 орын - Оспанова Аяна Габдуллаевна, «Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы»;

3 орын - Есенкулова Райхан Маратовна, «Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы» Ракымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» КММ директорының өндіріс ісі бойынша орынбасары.