«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
14-07-2020 13:25
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру курстары

2020 жылдың 13-24 шілде аралығында ZOOM платформасында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша Қарағанды облысы педагогтарының біліктілігін арттыру курстарының І-легі онлайн режимде өтеді.

Курстарды «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының білікті бизнес-жаттықтырушылары жүргізеді.

Курстар Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығына сәйкес өтеді.