11- сыныпқа арналған оқулықтың тұжырымдамасы мен мазмұны
17-08-2020 08:17
11- сыныпқа арналған оқулықтың тұжырымдамасы мен мазмұны

2020 жылдың тамыз айының 17 күні Республикалық «Оқулық» орталығы Қарағанды облысы мұғалімдеріне 2020-2021 оқу жылында оқу процесіне енгізілетін 11- сыныпқа арналған оқулықтардың тұжырымдамасы және мазмұны ерекшеліктерімен педагогтерді таныстыру бойынша кезекті Республикалық тамыз мәслихаты аясында әдістемелік вебинар (қашықтықтан форматында) өткізді.

«Арман ПВ», «Алматы Мектеп», «Көкжиек-Горизонт», «Жазушы, «Сапалы Білім», «Атамұра» баспалары және 11 сынып оқулықтарының авторлары презентациялық таныстырылым жасады.

Қарағанды облыстық білім басқармасының және әдістемелік орталықтың атынан іс-шараны жоғарғы деңгейде ұйымдастырғаны үшін, Республикалық «Оқулық» орталығына ризашылығымызды білдіреміз!

Жалпы вебинарға 4200 ден астам мұғалім қосылды