2020 жылғы 25 тамызда Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жыл сайынғы педагогтердің тамыз кеңесі шеңберінде 5 секциялық отырыс өткізді:
1. Мектептерде инклюзивті білім беру бағыты бойынша;
2. Мектепке дейінгі білім беруге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары үшін;
3. Математикаға жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары үшін;
4. Бастауыш сыныптарға жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары үшін;
5. Физикаға жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары үшін.
Қатысушылар 2020-2021 оқу жылындағы оқу процесінің ерекшеліктерін талқылады. Жиналыстар ZOOM платформасында онлайн режимінде, ОӘО РО КО youtube-арнасына трансляциямен өтті.
Отырыс спикерлері оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасарлары мен әдіскерлері, облыстық әдістемелік бірлестіктердің төрағалары, әлеуметтік серіктестер болды.