«Информатика»,«Туризм» бағыты бойынша оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
07-09-2020 20:21
 «Информатика»,«Туризм»  бағыты бойынша оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

2020 жылғы 03 қыркүйекте ZOOM платформасында «Туризм» бағыты бойынша ТжКББ оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы өтті.

ҚҚЭУ ЭБҚК және Жезқазған бизнес және көлік колледжінің атынан экологиялық байқауларды және челлендждерді өткізу бойынша ұсыныстар қаралды.Олардың әрқайсысы үшін нақты шешім қабылданды.

2020 жылдың 07 қыркүйегінде ZOOM платформасында «Информатика» бағыты бойынша Қарағанды облысының ТжКББ оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы өтті. Күн тәртібіне  cәйкес 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары, қашықтық форматындағы ОӘБ жұмысы талқыланды. Олардың әрқайсысы үшін нақты шешім қабылданды. Қарағанды облысының 32 педагогы қамтылды.