«Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы
08-09-2020 11:28
«Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы

     2020 жылғы 8 қыркүйекте «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша ОӘБ онлайн – отырысы өтті. Отырыс ZOOM платформасында қашықтықтан өткізілді. Қарағанды облысының 12 ТжКББ ұйымы қамтылды.

     Бағдарламаға сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды: ОӘБ жұмысын қашықтықтан ұйымдастыру, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары. Алдағы графикалық дизайн бойынша байқаулар, сондай - ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және тәрбиелік сипаттағы іс-шаралар талқыланды. Отырыста келесі педагогтар қашықтықтан оқыту форматындағы сабақтарды өткізу тәжірибесімен бөлісті:

  1. Абдрахманова Светлана Владимировна, Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің оқытушысы. Тақырыбы: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді қашықтықтан оқытудың ерекшелігі»
  2. Тулеубаев Данияр Ергалиулы, ЖИГК басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Тақырыбы: «Кәсіби модульдер аясында студенттердің үй шарттарындағы өзіндік жұмысын ұйымдастыру»