WorldSkills Karaganda–2020 құзыреттілік орталықтары өкілдерінің онлайн-кеңесі
08-09-2020 11:41
WorldSkills Karaganda–2020 құзыреттілік орталықтары өкілдерінің онлайн-кеңесі
    2020 жылғы 8 қыркүйекте сағат 16.00-де WorldSkills Karaganda - 2020 құзыреттілік орталықтарының директорлары мен өкілдерінің онлайн-кеңесі өтті.
    Кеңеске 24 қатысушы қатысты: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері, Қарағанды облысының техникалық делегаты және құзыреттілік орталықтарының өкілдері.
     Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Асақаева Дана Саламатовна құттықтау сөз сөйледі.
Одан әрі, кеңестің барлық қатысушылары 2020 жылғы 21-30 қыркүйек аралығында 13 құзыреттілік орталығы базасында өтетін Worldskills Karaganda - 2020 өңірлік чемпионатына қатысушыларды іріктеу күнін талқылады.