«Тігін ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті
09-09-2020 11:43
«Тігін ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік  бірлестіктің онлайн-отырысы өтті
2020 жылғы 9 қыркүйекте ZOOM платформасы арқылы «Тігін ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінің 9 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Бағдарламаға сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:
ОӘБ жұмысын одан әрі қашықтықтан ұйымдастыру;
бейнеконтенттер мен презентациялар базасын құру;
2021 жылға арналған жұмыс жоспары;
Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ жетекшісі Г.К. Жумина отырыстың қорытындысын шығарды.