Облыс колледждерінің педагог-психологтарына арналған онлайн-отырысы өтті
10-09-2020 14:10
Облыс колледждерінің педагог-психологтарына арналған онлайн-отырысы өтті

2020 жылғы 10 қыркүйекте Zoom платформасында облыс педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. "Қашықтықтан білім беру жағдайында оқу процесін психологиялық сүйемелдеу" және "Бірінші курс студенттерінің бейімделуі бойынша диагностикалар жиынтығы" сияқты мәселелер қарастырылды. Сондай -ақ, отырыста 2021 жылға арналған жоспарлау және Instagram әлеуметтік желісінде студенттерге онлайн-кеңес беру үшін колледж психологтарының парақшаларын ашу мәселелері талқыланды. Облыс колледждерінің 42 педагог-психологы қатысты.