«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жұмыс тобының отырысы
11-09-2020 12:38
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жұмыс тобының отырысы

          Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарында аталған бағдарламаны іске асыру мен ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 2020-2021 оқу жылына жоспарланған іс-шаралар бекіту және облыстық семинар өткізілуі бойынша   пәнге жетекшілік ететін мамандардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы болып өтті.

          Жұмыс тобына Қарағанды облыстық білім беру басқармасының және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, сонымен қатар Қарағанды қалалық білім бөлімінің мамандары мен білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты.