2020-2021 оқу жылындағы педагог-психологтардың жұмысы бойынша жұмыс кеңесі
14-09-2020 16:58
2020-2021 оқу жылындағы педагог-психологтардың жұмысы бойынша жұмыс кеңесі

    2020 жылдың 14 қыркүйегінде білім басқармасы, оқу-әдістемелік орталығы 2020-2021 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

   Кеңес жұмысына педагог-психологтардың жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, педагог-психологтардың аудандық және қалалық әдістемелік бірлестіктерінің басшылары, мамандандырылған мектеп-интернаттардың педагог-психологтары қатысты.