Мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша онлайн кеңес.
14-09-2020 20:52
Мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша онлайн кеңес.

   2020 жылдың 14 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы zoom платформасында мамандандырылған мектеп – интернаттармен онлайн кеңес өткізді.

   Директордың орынбасары Б.Х. Абдикерова мектепті дамыту бағдарламасының ішкі мазмұны мен сыртқы рәсімделуіне бірыңғай тәсілді әзірлеу және қалыптастыру бойынша түсініктемелер берді.

   Кеңес барысында Қарағанды облысының ММИ басшыларымен МДБ барлық талаптары мен бағыттары талқыланды.