«Білімал. Педагогтарды электронды аттестаттау» пилоттық жобасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша жұмыс тобының отырысы
17-09-2020 18:00
«Білімал. Педагогтарды электронды аттестаттау» пилоттық жобасын сынақтан өткізу және енгізу  бойынша жұмыс тобының отырысы

     2020 жылдың 17 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының білім басқармасымен, сондай-ақ «Өрлеу» АТО-мен бірлесіп «Білімал. Педагогтарды электронды аттестаттау» пилоттық жобасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді. Отырысқа Саран, Қарағанды, Абай, Шахтинск қалаларының білім бөлімдерінің әдіскерлері және сынақтан өткізу және енгізу бойынша жауапты мамандар қатысты.

        Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:

  • ұйым қызметкерлеріне жүйемен жұмыс істеу бойынша оқыту семинарларын өткізу
  • негізгі функционалдылық бойынша жұмыс жүргізу
  • мемлекеттік қызметтер негізінде құжаттарды қабылдау