Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы тірек мектептің (ресурстық орталық) қызметін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың 16 маусымында «Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға 2015 жылы құрылған және 2016 жылы ашылатын тірек мектептерінің директорлары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және магниттік мектептерінің директорлары қатысты.
Семинарға қатысушылартiрек мектебінің (ресурстық орталық) жұмысын ұйымдастыру ерекшелiгiн және сессия, сессия аралық мерзiмдерде оқу-тәрбие үдерісін жүргізудегі әдiстерi мен фомаларын талқылап, бірыңғай оқу жоспарының үлгісін жобалады.