«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн - отырысы
21-09-2020 12:07
«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн - отырысы

     2020 жылдың 21 қыркүйегінде «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша арнайы пәндер мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің ОӘБ онлайн – отырысы өтті. Отырыс ZOOM платформасында қашықтық форматында өткізіліп, 16 педагог қамтылды.

    Бағдарламаға сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды: қашықтықтан оқыту жағдайында ОӘБ-ның одан әрі жұмысын ұйымдастыру, 2021 жылға арналған жұмыс жоспары.

       «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша қашықтықтан облыстық макеттер, стендтер, модельдер байқауын ұйымдастыру талқыланды. Отырыс соңында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылып, ОӘБ басшысы А.В. Шебалин отырысты қорытындылады.