«Бірге оқимыз!» жобасы
23-09-2020 09:54
«Бірге оқимыз!» жобасы
2020 жылдың 23 қыркүйегінде оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бірге оқимыз!» инновациялық жобасы басталды. Онлайн режимде әдіскерлерге , балабақша тәрбиешілеріне және жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне zoom платформасында бес воркшоп өткізілді.
Жобаның алғашқы күнінде тәжірибесімен келесі педагогтар бөлісті :
- тәрбиешілер Токбалинова Ж.С., Мустаева Н.Т. («Мектепке дейінгі білім берудің оқу-тәрбие процесінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану», «Ұяша» балабақшасы, Теміртау қ.);.
- қазақ тілі мұғалімі Егинбаева Г.А. («Тілдік дағдыларды қалыптастыруда EduPage, Nearpod платформаларымен жұмыс», БИЛ №1);
- орыс тілі мұғалімі Цемох С.М. («5 және 9-сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын қашықтықтан оқыту ерекшеліктері», Н.Нұрмақов ат. ММИ);
- шет тілі мұғалімі Токтау М.К.( «Бейне сабақтар өткізу кезінде оқытудың асинхронды форматын пайдалану», «Дарын» ММИ ).
Шеберлік-сыныптарына облыстың 772 педагогы қатысты. Сабақ жазбасын YouTube арнасынан көруге болады.