ТжКББ ұйымдарының дене шынықтыру пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы
![ТжКББ ұйымдарының дене шынықтыру пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы](/media/img/blogs/5f6dd972d379d.jpeg)
2020 жылдың 25 қыркүйегінде ZOOM платформасы арқылы ТжКББ ұйымдарының дене шынықтыру пәні оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінің 25 оқытушысы қосылды.
Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:
1. 2020-2021 оқу жылына арналған ОӘБ жоспары, ОӘБ жетекшісі - Жаяубаев Ж.К.;
2. Қашықтықтан оқыту мәселелері;
3. Онлайн байқаулар мен іс-шараларды өткізу;
4. Бейнеконтенттер базасын құру.
Колледж өкілдері онлайн отырыс жұмысына белсенді қатысты. Платформа чатында кері байланыс жүргізілді.
Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. ОӘБ басшысы Жаяубаев Ж.К. отырыстың қорытындысын шығарды.